«Бұрымды қыз» жобасы
Қазақ халқы «Қыздың көркі-шаш, шаштың көркі-шаштеңге» дейді. Шаш сұлулық символы ғана емес, қыздар қауымына берген Жаратушының ерекше сыйы. Шашты қазақ халқы ерекше қастерлеген, «Шашты кез-келген жерге тастамаңдар», «Шашты жаймай, жинап жүріңдер», «Өз шаштарыңды өздерің қимаңдар» деген ескертпелері жиі айтылады. Қыз бойынан табылатын табиғи сұлулық пен тазалықтың бір белгісі де-қолаң шашы. Қыз бала шашы табиғатына қарай: қолаң шаш, сүмбіл шаш деп, өріміне қарай жалғыз бұрым, қос бұрым деп