Алматы қаласы Білім басқармасының
«№142 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8(727) 252-01-07
Есепші бөлімі:
8 (727) 251-57-71
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ұлттық мәдениет көрмесі.
10
наурыз
2025

Ұлттық мәдениет көрмесі.

Мектебімізде Наурыз мейрамы қарсаңында ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында еңбек пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Ұлттық мәдениет» атты көрме өтті. Іс-шараға 1–11 сынып оқушылары белсене қатысып, өз қолдарымен жасаған ұлттық нақыштағы бұйымдарын, қолөнер туындыларын көпшілік назарына ұсынды. 

Көрме барысында киіз үй үлгілері, ұлттық тағам үлгілері, кесте мен тігін бұйымдары, ағаш пен саздан жасалған заттар көрермендердің ерекше қызығушылығын тудырды. Бұл көрме оқушылардың ұлттық мұраға деген сүйіспеншілігін арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға сеп болды.

Мұндай шаралар – жас ұрпақтың бойына ұлттық рух пен салт-дәстүрге деген құрметті сіңірудің жарқын үлгісі. Ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: