Алматы қаласы Білім басқармасының
«№142 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8(727) 252-01-07
Есепші бөлімі:
8 (727) 251-57-71
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
наурыз
2025

«Бұрымды қыз» жобасы

Қазақ халқы «Қыздың көркі-шаш, шаштың көркі-шаштеңге» дейді. Шаш сұлулық символы ғана емес, қыздар қауымына берген Жаратушының ерекше сыйы. Шашты қазақ халқы ерекше қастерлеген, «Шашты кез-келген жерге тастамаңдар», «Шашты жаймай, жинап жүріңдер», «Өз шаштарыңды өздерің қимаңдар» деген ескертпелері жиі айтылады. Қыз бойынан табылатын табиғи сұлулық пен тазалықтың бір белгісі де-қолаң шашы. Қыз бала шашы табиғатына қарай: қолаң шаш, сүмбіл шаш деп, өріміне қарай жалғыз бұрым, қос бұрым деп аталып кеткен. 
№142 мектепте  директордың оқу ісі  жөніндегі орынбасары Карымсакова  Жанат Кабденовнаның   «Бұрымды қыз» жобасы 2017 жылдан басталып, күні бүгінге дейін әр жыл сайын аталып өтіп, аудан, қала мектептерінде жалғасын табуда. Наурыз айының бірінен бастап, соңына дейін барлық мектептің қыздары ұлттық киім киіп, шаштарына шашпау және шекелік тағып жүру үрдіске айналған. Бүгін Жанат Кабденовнаның екінші жобасы жалғасын тапты "Кимешек киген ,ақ әжем" шеруін өткізуге барлық мектеп болып ат салысты. Топтың басын ақ кимешек киген әжелер бастап, ақ жаулықты аналар қостады. Соңында бұрымды қыздарымыз шықты .Мектебімізде екі жүзден астам   бұрымды қыздарымыз көзге түсті . Мәжіліс залында әжелеріміз ауылдың алты ауызын айтып, бүгінгі жобаның ашылу салтанатына шашу шашты. Іс-шара ән шашумен жалғасып,  мектеп директоры Н.Т.Амрина  жүрек жарды лебіз білдіріп, мерекемен құттықтып, әжелерге алғыс хат табыстады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: