03
наурыз
2025
"Ана мен қыз" байқауы – аналар мен қыздарға арналған ерекше мереке!
🌸 "Ана мен қыз" байқауы – аналар мен қыздарға арналған ерекше мереке! 🌸
Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты №30 балалар кітапханасының төрінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай "Ана мен қыз" байқауы ұйымдастырылып, аналар мен қыздары өз өнерлерін ортаға салды. Бұл байқау тек жарыс қана емес, аналар мен қыздарының арасындағы сүйіспеншілік пен сыйластықты нығайтатын тамаша мүмкіндік болды.
Қатысушылар ән айтып, би билеп, өз өнерлерін көрсетіп, көрермендерді тәнті етті.Әр жұптың өнері ерекше әсер қалдырды! Шара соңында әділқазы алқаларының қорытындысы шығарылып,орын алғандарға арнайы алғыс хаттар мен сыйлықтар берілді.
🌸 "Ана мен қыз" байқауында: 🌸
🏆 Бас жүлде – Айманова Альмэра мен қызы Стамчалова Нурия 3"Ә" сынып оқушысы
🥇 1-орын – Смағулова Жұлдыз мен қызы Амангелді Аяла 2 "А" сынып оқушысы
🥈 2-орын – Анарбек Динара мен қызы Айтжан Перизат 2"А" сынып оқушысы
🥉 3-орын – Бугенбаева Динара мен қызы Рауанқызы Кәусар 3"Б"сынып оқушылары иеленді.
Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!
🌟 Барлық аналар мен қыздарды осынау шуақты мерекемен құттықтаймыз! Сіздер – отбасының берекесі, шаңырақтың шуағысыздар!
💐 Мереке құтты болсын!💐