8 наурыз мерекесі » КГУ Общеобразовательная школа №142
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№142 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8(727) 252-01-07
Есепші бөлімі:
8 (727) 251-57-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
наурыз
2023

8 наурыз мерекесі

Аналарға арнап айтылатын мерекелік тілектер Адамдар күйбең тірлікпен жүріп бір-біріне сезімін білдіруді, жақсы сөздер айтуды ұмыт қалдырып жатады. Алайда кез келген жанның жүрегіне жол жылы сөз арқылы салынады. Соның ішінде анаңызға қандай әдемі теңеу айтсаңыз да жарасады. Қымбатты анашым! Бүгін сізді қатты жақсы көретінімді айтудың тағы бір орайы туып тұр. Әрдайым жанымда болғаныңызды қалаймын, өйткені сіздің нәзік үніңізді есту, жымиған сәтіңізді көру, қамқорлығыңызды сезіну мені бақытты етеді. Әлемнің барлық гүлін өзіңізге тарту етер едім. Аспандағы жұлдыздарды да сыйлар едім. Сіз әлемдегі ең сүйікті, қымбат, адал жансыз. Асыл анашым, сізді бар жүрегіммен, көктемнің, сұлулықтың мерекесімен құттықтаймын. Әрбір күніңіз қуаныш пен шуаққа толы болсын! Аяулы анашым, менің қыңыр мінезіме, еркелігіме төзіммен қарағаныңыз үшін, қиын сәттерде демеу болып, ақылыңызды аямағаныңыз үшін алғысым шексіз. Сіздің бойыңыздағы даналық, әйелге тән мейірімділік сондай ғажап! Сізге деген махаббатым шексіз! Жан-дүниеңізде үнемі көктем болғанын қалаймын. Әр күніңіз таңғажайып сәттер мен қуанышты жаңалықтарға толы болғай!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: