Алматы қаласы Білім басқармасының
«№142 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8(727) 252-01-07
Есепші бөлімі:
8 (727) 251-57-71
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
маусым
2022

Ұстаз - ұлағатты ұғым

Ұстаз - ұлағатты ұғым
Ұстаз... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі Ұстаз. «Ұстаз» деген қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.  Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді, әріптестерімен білгенін  бөліседі. Ұлағатты ұстазымыз деп мектебіміздің ең бір мықты,кемеңгер  ұстазы  Қуатова Ақылсара Мергенбаевнаны үлгі тұтамыз. Еліміздің Президенті  Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаның жазған алғыс хатынан-ақ көрініп тұр емес пе?  Кеше, Алматы қаласының әкімі  Досаев  Ерболат Аскарбекович мырза ұлағатты ұстазымыз Қуатова Ақылсара Мергенбаевнаны Президенттің  "Алғыс хатмен" марапаттады.  Біздің мектебіміз үшін өте үлкен мәртебе. Ерең еңбегіңізді әрқашанда елене берсін, Ақылсара Мергенбаевна! Шын жүректен құттықтаймыз!!!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: