Алматы қаласы Білім басқармасының
«№142 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8(727) 252-01-07
Есепші бөлімі:
8 (727) 251-57-71
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті. Состоялся республиканский научно-практический семинар
29
шілде
2026

Республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті. Состоялся республиканский научно-практический семинар

2026 жылғы 29 шілдеде №142 жалпы білім беретін мектептің ұйымдастыруымен ZOOM платформасында «Авторлық бағдарлама негізінде педагогикалық тәжірибе алмасу» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті.
Семинардың мақсаты – республика педагогтері арасында тәжірибе алмасу, білім беру үдерісінде тиімді қолданылып жүрген авторлық бағдарламаларды таныстыру, инновациялық педагогикалық тәжірибелерді насихаттау және білім сапасын арттыру.
Іс-шараға Ақтөбе, Түркістан, Ақмола, Абай облыстары мен Алматы қаласының білім беру ұйымдарының педагогтері қатысты. Семинар барысында қазақ тілі мен әдебиеті, математика, физика пәндері бойынша әзірленген авторлық бағдарламалар таныстырылып, оларды оқу үдерісінде тиімді қолдану жолдары талқыланды. Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, кәсіби пікірлерімен бөлісті.
Осындай республикалық деңгейдегі іс-шаралар педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, озық тәжірибені таратуға және білім беру сапасын жетілдіруге ықпал етеді.

29 июля 2026 года на базе КГУ «Общеобразовательная школа №142» в онлайн-формате на платформе ZOOM состоялся республиканский научно-практический семинар на тему «Обмен педагогическим опытом на основе авторских программ».
Цель семинара – обмен профессиональным опытом между педагогами республики, представление эффективных авторских программ, внедрение инновационных образовательных технологий и повышение качества образования.
В работе семинара приняли участие педагоги из Акмолинской, Актюбинской, Туркестанской, Абайской областей, а также города Алматы. В ходе мероприятия были представлены авторские программы по казахскому языку и литературе, математике и физике, обсуждены вопросы их практического применения в образовательном процессе. Участники обменялись опытом, профессиональными идеями и современными методическими подходами.
Проведение подобных мероприятий способствует повышению профессионального мастерства педагогов, распространению передового опыта и совершенствованию качества образования.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: