Бастауыш сынып онкүндігі аясындағы ашық сабақ / Открытый урок в
Мектебімізде бастауыш білім беру онкүндігі аясында жоспарға сәйкес 12.02.2026 ж. күні 4 «Б» сыныбында дүниетану пәнінен ашық сабақ өткізілді. Сабақтың тақырыбы: «Менің өлкемнің ауылшаруашылығы». Ашық сабақ барысында заманауи білім беру технологиялары мен әдіс-тәсілдер қолданылды. Атап айтқанда, жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану, Wordwall, Fortuna, Саяхат, Flippity, Canva платформалары, «Ұяшықтар», «Кері байланыс», «Жұппен жауап бер» әдістері арқылы сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылды.