«Ер қанаты – ат. Атқа міндім» тақырыбында ашық сабақ / Открытый урок на тему «Конь — крылья джигита»
Бастауыш сыныптар арасында өткен апталық аясында 3 «А» сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен «Ер қанаты – ат. Атқа міндім» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақтың мақсаты – шығарманы іштей саналы түрде түсініп оқу, мәтінді көз жүгіртіп, шолып, түртіп алып, қажетті ақпаратты табу, белгі қою және сын тұрғысынан бағалап оқу дағдыларын қалыптастыру. Сонымен қатар оқушылар көркем шығарманы дауыстап оқып, өз сөзімен бейнелі түрде жеткізуге үйренді.
Сабақ барысында заманауи әдіс-тәсілдер қолданылды. Атап айтқанда, жасанды интеллект түрлері, «Стопкадр», «Wordwall», «Балмұздақ» әдістері пайдаланылды. Оқушылар топқа бөлініп, өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар ат әбзелдерімен танысып, атқа міну туралы мағлұмат алды.
Сабаққа қатысқан ұстаздар оқушылардың белсенділігін атап өтіп, жақсы кері байланыс берді.
Сынып жетекшісі: Байгескенова Жансая Нургалиевна.
В рамках недели начальных классов в 3 «А» классе прошёл открытый урок по литературному чтению на тему «Конь — крылья джигита. Я сел на коня».
Цель урока — научить учащихся осознанно читать текст про себя, просматривать и анализировать содержание, находить необходимую информацию, делать пометки и оценивать прочитанное с критической точки зрения. Также ученики учились выразительно читать художественное произведение и передавать его содержание своими словами.
Во время урока были использованы современные методы обучения: виды искусственного интеллекта, методы «Стопкадр», «Wordwall», «Мороженое». Учащиеся работали в группах, делились своими мнениями. Также познакомились с конской упряжью и узнали о традиции верховой езды.
Учителя, присутствовавшие на уроке, отметили активность учащихся и дали положительную обратную связь.
Классный руководитель: Байгескенова Жансая Нургалиевна.







