Алматы қаласы Білім басқармасының
«№142 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8(727) 252-01-07
Есепші бөлімі:
8 (727) 251-57-71
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жанат Кабденовна Карымсаковнаның ұйымдастыруымен Zoom платформасы арқылы қалалық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті
10
сәуір
2025

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жанат Кабденовна Карымсаковнаның ұйымдастыруымен Zoom платформасы арқылы қалалық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті

Бүгін №142 жалпы білім беретін мектепте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жанат Кабденовна Карымсаковнаның ұйымдастыруымен Zoom платформасы арқылы қалалық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті. 
Семинардың мақсаты: Үш ауданның білім беру ұйымдарында әзірленген авторлық бағдарламаларды талқылау, олардың тиімділігін бағалау және кеңінен тарату жолдарын қарастыру. Мұғалімдер мен білім беру мамандары арасында тәжірибе алмасуды ұйымдастыра отырып, оқыту сапасын арттыруға және инновациялық әдістерді енгізуге ықпал ету.
Оған қаламыздың  Алатау,  Медеу, Бостандық, Жетісу аудандары мектептерінің пән  мұғалімдері қатысты.
    Семинарда  математика пәні мұғалімі Ғ.М. Сүлейменов "Математика    сабақтарында зерттеушілік қызметті ұйымдастыру", ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Г.Қ. Нышанова «Креативті тапсырмалар арқылы ағылшын тілінің грамматикасын игеру тиімділігі», қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Е.  Керимова «Медиа мәтіндерге лингвистикалық талдау: тілдік дағдыларды дамыту» атты тақырыпта өздерінің авторлық бағдарламаларын ұсынып, пәндік білім берудегі тың әдіс-тәсілдерімен бөлісті.     Семинар барысында мұғалімдер өздерінің авторлық бағдарламаларын таныстырып, тәжірибелерімен бөлісті. Бұл шара кәсіби ынтымақтастықты нығайтып, білім беру үдерісіне жаңашыл тәсілдерді енгізуге мүмкіндік берді. Мұндай іс-шаралар ұстаздар қауымының өзара байланысын нығайтып, сапалы білім беруге ықпал етеді. Ұстаздар қауымы үшін пайдалы тәжірибе алаңы ретінде алдағы уақытта да өз жалғасын табады деген сенімдеміз.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: