17
наурыз
2024
«Шаңырақ күні»
🌳14 наурыз күні - Көрісу күні-Амал мерекесі тойланады.
Бұл дәстүр негізінде еліміздің батыс өңірлерінде сақталған. Бүгінгі күні аталған мерекені барлық аймақтарда тойлау ұсынылды. Халық үшін бұл қастерлі әрі орны ерекше дәстүр.
🌳15 наурыз - «Қайырымдылық күні» етіп белгіленеді.
Бұл күнді ел бойынша қайырымдылыққа, мейірім мен тату көршілікке арнаймыз. Қоғамға қайырымдылық көрсету мәдениетін сіңіріп, жанашырлық пен өзара қол ұшын беру құндылықтарын қалыптастыруымыз қажет.
🌳16 наурыз - «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні».
Бұл күн мәдениетімізді, өнеріміз бен ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға арналып, республика бойынша түрлі іс-шараларды өткізу жоспарлануда.
🌳17 наурыз күнін - «Шаңырақ күні» болып белгіленеді.
Осы күні отбасылық құндылықтарымызды дәріптеуге, өнегелі ұрпақ тәрбиелеген үлгілі отбасыларға арналған мәдени іс-шаралар өтеді деп жоспарлануда.
🌳18 наурыз күнін – Ұлттық киім күніне арнап, Наурызнаманың онкүндігінде еліміздің барлық өңірлерінде ұлттық киімдерімізді насихаттауға бағытталған түрлі іс-шараларды өткізу ұсынылды.
🌳19 наурыз күнін – Жаңару күні.
Осы күні көктемгі ағаш егу дәстүрін жалғастыру ұсынылды.
🌳20 наурыз – Ұлттық спорт күні етіп белгіленді.
Бұл күні елдің барлық аймақтарында ұлттық спорттан түрлі жарыстар ұйымдастырылады. Ел ішінде өткізілетін ат жарыстар (бәйге, көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу), құсбегілік және асық ату, тоғызқұмалақ, садақ тарту турнирлері қарапайым халықтың шынайы мереке салтанатын сезінуіне мүмкіндік береді.
🌳21 наурыз күнін – Ынтымақ күні етіп жариялауды ұсынылды.
Бұл күннің идеясы – жалпы халық бір-біріне деген сый-құрметтерін арттырып, татулық пен бірлікті насихаттау болып табылады.
🌳22 наурыз – Жыл басы.
Бұл күні еліміздің барлық өңірлерінде жалпыхалықтық мәдени-спорттық іс-шаралар өткізіліп, стильді этноауылдар мен түрлі жәрмеңкелер ұйымдастырылады.