13
мамыр
2025
“Саптық ән мен әскери адымдау” байқауы.
Бүгінгі 9 Мамыр – Жеңіс күніне арналған “№142 жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 6-7 сынып оқушылары арасында “Саптық ән мен әскери адымдау” байқауы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Танаева Д.О. ұйымдастыруымен, АӘжТД пәні мұғалімі Серикбаев Т.Д. жүргізуімен өтті.
Бұл байқау – жас ұрпақтың отансүйгіштік рухын көтеріп, әскери тәртіп пен бірлікті нығайту мақсатында ұйымдастырылды.
Қатысушыларымыз саппен жүру мен саптық ән айту бойынша сынға түсті. Әр топ тік саппен марш жасап өтеді.
Бағаланған критерийлер:
- Біркелкі киім үлгісі
- Түзу сап
- Қадам үйлесімі
- Саптық ән айту
Байқауға әділ-қазылар ата-аналар тарапынан болып, әділ түрде өтті. Нәтижесінде әр сынып жетекшілері үлкен жауапкершілікпен қарап, оқушылардың әскери тәртіпті сақтауы, біркелкі қимыл жасауы және ән айтудағы үйлесімділігіне үлкен еңбек сіңірген. Үздік нәтиже көрсеткен сыныптар жеңімпаз атанып, марапатталды.