08
мамыр
2025
Астана төріндегі тарихи күн — ПАРАД 2025ж.
Астана төріндегі тарихи күн — ПАРАД 2025
Бүгін Астана қаласында Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтті. Бұл – халқымыздың Отанға деген шексіз сүйіспеншілігін, батыр бабалардың аманатын жалғаған бейбіт елдің қуатты әлеуетін көрсеткен аса маңызды шара болды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде еліміздің қорғаныс қабілеті — Тәуелсіз Қазақстанның берік тірегі екенін атап өтті. Ел қауіпсіздігі мен халықтың амандығы — әрдайым басты орында екенін нақты айтты.
Парад барысында Қазақстан Қарулы Күштерінің сап түзеген сарбаздары, заманауи әскери техника мен авиация жұртшылыққа паш етілді. Бұл – тек әскери қуатты ғана емес, ұлттың рухын, ұрпақ сабақтастығын, елдік бірлікті білдіретін символға айналды.
Бейбіт күннің бағасын білетін ел ретінде біз әрдайым татулық пен тұрақтылықты сақтап, болашағымызды бірге қалыптастырамыз. Бүгінгі парад — халқымыздың бірлігі мен мемлекетіміздің қуатын көрсеткен айрықша сәт.
Тарихы терең, болашағы нұрлы ел — Қазақстан!