“Тәртіпке бағынған құл болмайды” » КГУ Общеобразовательная школа №142
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№142 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8(727) 252-01-07
Есепші бөлімі:
8 (727) 251-57-71
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Тәртіпке бағынған құл болмайды”
18
ақпан
2022

“Тәртіпке бағынған құл болмайды”

Президент Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаев журналист Жайна Сламбекке берген сұхбатында келесі мәселелер қозғалды.“Тәртіпке бағынған құл болмайды”- деп, Бауыржан Момышұлы айтқандай, заң барлығымызға бірдей екендігін білуіміз керек. Заңға бағынғысы келмейтіндермен әлі де толыққанды жұмыс жүргізуді талап етіледі.
Қ. К.Тоқаевтың халықтың әлеуетін көтеру туралы жасап жатқан нақты бағдарламалары мен тапсырмалары еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси жағдайынының деңгейін жақсартады деп ойлаймын. Уақыт өте келе Президентіміз қолға алып отырған “Жаңа Қазақстан”, “Жаңа мемлекет” құру туралы бастамасын толығымен қолдаймын. Еліміздің ертеңі мен ұрпағымыздың болашағы жарқын болуы және әлемнің дамыған мықты мемлекеттерінің қатарына енуі үшін білім беру саласына оң өзгерістер енгізіп, аянбай еңбек етуіміз керек. 
Қазақ халқы ешқашан қиындыққа мойымаған, болмысы батыр, ержүрек, қайсар халық. “Бірлік түбі - береке”, - деп, дана халқымыз айтқандай, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бірлесіп әрекет етсек, біз алмайтын қамал болмайды деп сенемін. Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың  берген сұхбаты бәрімізге жылулық ұялатқандай. Президентіміздің өркендеу жолындағы жасап жатқан игі істерін қолдаймыз. Әрбір айтылған сөз, жасалған әрекет, ұстанған саясаттың орындалатынына сеніміміз мол.
«Қаңтар қақтығысы» елдің жағдайын есеңгіретіп тастағаны анық. Орны толмас өкініш, адам шығыны, қаланың бүлінуі қабырғамызды қайыстырды. Осындай қиын-қыстау жағдайда халыққа қолдау білдіріп, көмек көрсетіп, шұғыл шара қолдана білген Президентімізге мың алғыс! Еліміздің тұтастығы мен бірлігі жолындағы Президент шешімі әрбір азаматтан қолдау табары сөзсіз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын деп тілейміз.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: