"Ұстаз-ұлы тұлға" атты ардагер ұстаздарымыздың құрметіне арналған кеш. » КГУ Общеобразовательная школа №142
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№142 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8(727) 252-01-07
Есепші бөлімі:
8 (727) 251-57-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Ұстаз-ұлы тұлға" атты ардагер ұстаздарымыздың құрметіне арналған кеш.
02
қазан
2023

"Ұстаз-ұлы тұлға" атты ардагер ұстаздарымыздың құрметіне арналған кеш.

"Ұстаз-ұлы тұлға" атты ардагер ұстаздарымыздың құрметіне арналған кеш.
Қазан айының алғашқы жұлдызы қарттар күнімен басталып, ұлағатты ұстаздар мерекесімен жалғасуда.Осы орайда директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жанат Кабденқызының ұйымдастыруымен "Алтын көпір" атты ардагер ұстаздармен жас мамандар арасында сыр мен сұхбатқа толы әдемі кеш өткізілді. Кеш барысында, кездесуге келген әр ардагер ұстаздың жүріп өткен даңғыл жолы, жеткен жетістіктері мен өмірден түйген көзқарастары, жас мамандарға өмірлік кеңес ретінде насихаталып, жас мамандарға темір қазық жұлдызындай бағдар берілді. Өткен күннің естелігі болып тарихқа кеткен мектеп өмірінің қызықты кезеңдерінің фото-суреті көрсетілген де ұлағатты ұстаздар бір марқайып, сол бір шақтың жылы естелігі көңілдеріне ерекше сезім сыйлады. Мектеп есігін енді ашқан жас мамандар мен мектеп магистаранттары да өз пікірлерін ортаға салып, методикалары мен сабақ барысында қолданылатын әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, ұлағатты ұстаз бен жас маман арасында "Алтын көпір" салынды. Алған әсер мен түйген ойлар әр жас маманның бойына үлкен жігер сыйлады. Ардагер ұстаздар кеш соңында өз ризашылықтары мен алғыстарын жаудырып, мектеп басшысы Немертов Нұрдаулет Серікұлы бастаған барша ұстаздарға ақ баталарын беріп, жұмыстарына толағай табыс пен шығармашылық шабыс тіледі..Осындай керемет кеш мектеп тарихында қаларлықтай дәрежеде өтті, болашақта осындай боямасыз, риясыз кездесулер өз жалғасын табар деген сенімдеміз.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: