Алматы қаласы Білім басқармасының
«№142 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8(727) 252-01-07
Есепші бөлімі:
8 (727) 251-57-71
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Педагогикалық практика. Педагогическая практика
03
ақпан
2025

Педагогикалық практика. Педагогическая практика

Болашақ педагог мамандардың теориялық білімдері мен практикалық тәжірибелерін ұштастыратын негізгі форма-педагогилық практика.  Педагогикалық практикадан өту кезінде студент-практикант қаншалықты мамандықты дұрыс таңдағанын, өзінің тұлғалық қабілеттерінің болашақ мамандығымен үйлесімділік деңгейін анықтайды.  Мұғалімге аса қажеттілігі: педагогикалық мамандыққа бейімділуі, балалармен жұмыс істеуге айқын берілгендігі, бейімділіктің көрінетін басты нәрсесі және мұғалім мамандығын таңдай алудағы айқындаушы нәрсе балаларға деген сүйіспеншілік, т.б. қасиеттер. Балаларға деген сүйіспеншілік және олармен жұмыс істеуге ынта-ықылас болмайынша нағыз мұғалім болу мүмкін емес және ол өзінің педагогикалық шеберлігін де шыңдай алмайды. Оның негізгі бастамасы болашақ мұғалімді дайындау, қалыптастыру кезеңінде басталады. Бұл орайда педагогикалық практиканың алатын орны ерекше, өйткені қазіргі студент — болашақ ұстаз өзінің бейімділігін, шеберлігін, ыңғайлылығын, алған теориялық білімдерін мектеп өмірімен байланыстыра отырып жүзеге асыра алады. Тек сонда ғана мұғалімге тән педагогикалық шеберлікке, іскерлікке жетуге жол ашылады. 21.01-29.03.2025 ж. уақыт аралығында ҚазҰҚПУ-3,4-курс студенттері қазақ тілі пәнінен практикадан өтуде.  Практикада жүрген студенттердің сабаққа қатысуы мен сабақ беру әдіс-тәсілдерін қадағалау және әдістемелік көмек көрсету мақсатында келген ҚазҰҚПУ-нің "Қазақ әдебиеті" кафедрасында қауымдастырылған  профессор міндетін атқарушы,филология ғылымының кандидаты А.А.Көшековамен әңгіме сұхбат жүргізілді. Оған ДОІЖО Ж.К.Карымсакова мен қазақ тілі пән мұғалімдері қатысты.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: