04
мамыр
2022
"Ұлы Жеңіске 77 жыл"
Биыл "Ұлы Жеңіске 77 жыл" мерекесіне орай, 3 "Г" сынып оқушылары мектебіміздің кітапханасына саяхат жасады. Соғыс кезінде ақындарымыздың Отанына арнап, сағынышын білдіріп жазған әңгіме, ән, өлеңдерімен танысты. Батыр ата-аналарымызды еске алды. Оқушылар Ұлы Жеңіске арнап өз шығармашылық жұмыстарын көрсетті, өлең-тақпақ, әңгімелерін айтып берді. Осындай іс-шаралар балаларды Отаншылдыққа, патриоттыққа, елін қорғауға баулиды.Кітапханашы Кикимова Ляззат Ибраимоваға алғыс білдіреміз. Ұйымдастырған, сынып жетекші: Баигескенова Жансая Нургалиевна.

