«Мектепке жол» акциясы » КГУ Общеобразовательная школа №142
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№142 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8(727) 252-01-07
Есепші бөлімі:
8 (727) 251-57-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
қыркүйек
2021

«Мектепке жол» акциясы

«Мектепке жол»  акциясы бойынша ақпарат 
 Әр оқу жылының қарсаңында «Мектепке жол» акциясының өткізілуі дәстүрге айналып келеді. Биылғы 2021-2022 оқу жылында да аталмыш шара жалғасын тапты.
Акцияның негізгі мақсаты – мектепке балаларды жинау балалардың оқумен қамтылмауын анықтау, балалардың мектепке себепсіз келмеуінің алдын алу, аз қамтылған отбасыларға және балаларға қамқоршыларды бекіту болып табылады. Бұл ретте акцияның негізгі міндеттерінің бірі – барлық балаларды міндетті орта білім алу құқықтарымен қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен тарту.
Ағымдағы жылы тамыз, қыркүйек айларында аталмыш акция аясында оқушыларды жаңа оқу жылына дайындау науқанына мектебіміздің бастауыш сынып әдістемелік бірлестік жетекшісінің басшылығымен оқушыларды жаңа оқу жылына дайындауға үлес қосып, аз қамтылған жанұя балаларына мектебіміздің 7«А»сынып оқушысы  Нүсіпбек Дамираға оқу құралдары мен сөмке алып берді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: