«Алматы – таза қала». «Алматы – чистый город».
Мектебімізде «Алматы – таза қала» бағдарламасы аясында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының мақсаты – оқушыларды тазалыққа, қоршаған ортаны қорғауға және туған қаласына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Сабақ барысында оқушыларға қала тазалығын сақтау ережелері түсіндіріліп, экологиялық мәдениет туралы әңгіме жүргізілді. Оқушылар табиғатты аялау, қоқысты дұрыс тастау және қоғамдық орындарда тәртіп сақтау туралы өз ойларын ортаға салды. Іс-шара оқушылардың жауапкершілігін арттырып, таза орта