18 Март- "Ұлттық киімдер күні" » КГУ Общеобразовательная школа №142
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №142»
Управления образования города Алматы
Приемная
8(727) 252-01-07
Бухгалтерия
8 (727) 251-57-71
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
18
март
2024

18 Март- "Ұлттық киімдер күні"

🌳18 март күнін – Ұлттық киім күніне арнап, Мартнаманың онкүндігінде еліміздің барлық өңірлерінде ұлттық киімдерімізді насихаттауға бағытталған түрлі іс-шараларды өткізу ұсынылды.

🌳19 март күнін – Жаңару күні.
Осы күні көктемгі ағаш егу дәстүрін жалғастыру ұсынылды.

🌳20 март – Ұлттық спорт күні етіп белгіленді.
Бұл күні елдің барлық аймақтарында ұлттық спорттан түрлі жарыстар ұйымдастырылады. Ел ішінде өткізілетін ат жарыстар (бәйге, көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу), құсбегілік және асық ату, тоғызқұмалақ, садақ тарту турнирлері қарапайым халықтың шынайы мереке салтанатын сезінуіне мүмкіндік береді.

🌳21 март күнін – Ынтымақ күні етіп жариялауды ұсынылды.
Бұл күннің идеясы – жалпы халық бір-біріне деген сый-құрметтерін арттырып, татулық пен бірлікті насихаттау болып табылады.

🌳22 март – Жыл басы.
Бұл күні еліміздің барлық өңірлерінде жалпыхалықтық мәдени-спорттық іс-шаралар өткізіліп, стильді этноауылдар мен түрлі жәрмеңкелер ұйымдастырылады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: