22 НАУРЫЗ мерекесі құтты болсын! » КГУ Общеобразовательная школа №142
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №142»
Управления образования города Алматы
Приемная
8(727) 252-01-07
Бухгалтерия
8 (727) 251-57-71
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
» » 22 НАУРЫЗ мерекесі құтты болсын!
19
март
2022

22 НАУРЫЗ мерекесі құтты болсын!

22  НАУРЫЗ мерекесі құтты болсын!
Көне заманнан бері Март сұлулық пен жасампаздықтың, бейбітшілік пен келісімнің символы болып табылады.
Көпұлтты Қазақстан халқының өз мүмкіндіктеріне деген сенімдері арта түсіп, бай рухани мұралары жарқын болашақ жолындағы жарқын істеріне қуат берсін.
Қазақстандықтар үшін Март – айрықша мейрам. Бұл күн қыстың сәті аяқталып, барша еліміз жаңаша кейіпке енетін көгілдір көктемнің келгенін білдіреді.
Жаңару мен жасару күні Сіздерге бақ-береке, ырыс-ынтымақ әкелсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, көркейе берейік!
Төрлет, Ұлыстың күні – әз-Март! Өзіңді асыға күткен барша халық ниет-пейілін жақсылыққа бағыштай отырып, бақытты болашаққа нық қадам басуда. Нұрлы Март келгенде Самарқанның көк тасы еріп, көктемнің жылы шуағымен туған жер төсінде әуелеп ұшқан құстар әуені Ұлыстың Ұлы күнін паш етіп, жер дүниеге бейбітшілік дарытып, құт-береке әкеледі. Осындай даналықтың ұлы мейрамы әз-Март алты Алаштың ақ ордасы – Нұр-Сұлтанды да мерейлендіреді.
Төрлет, жоғары шық, бейбітшілік пен достықтың бастауы болған әз-Март!
Азаматтың ақ таңы атқаннан бері қаймана қазақтың қай баласы болсын, Март мейрамының қадір-қасиетін жете түсінуде. Жалпы тепе-теңдік, ізгілік пен жаңару үйлесім тапқанда ғана құт қонып, береке орнайды. Сондықтан да Март табиғат пен қоғамның, адам мен адамның, ел мен елдің ара-қатынасындағы тепе-теңдік заңын сақтайтын бастау бұлақтар мен таланттардың қайнар көздерінің ашылуына мүмкіндік туғызатын сән-салтанатты мәнді де сәнді және мағыналы мереке.
Тамашаға толтырып тұнық төрді,
Жетті, Март, үкілеп үміттерді,
Барша үйге бақыт боп, береке боп,
Жанарынан нұр шашып күліп келді.
Ізгі тілекпен: Немертов Н.С.



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: