Пенчак силаттан Алматы қаласының ашық біріншілігі. Открытое первенство города Алматы по пенчак силату.
2026 жылдың 27–29 наурыз күндері аралығында пенчак силаттан Алматы қаласының ашық біріншілігі өтті.
Аталған жарысқа Қырғызстан Республикасынан, сондай-ақ Атырау, Түркістан, Ұлытау, Алматы облыстарынан және Алматы қаласынан 300-ден астам спортшы қатысты.
Бұл додада №142 жалпы білім беретін мектептің өкілдері жоғары нәтижелер көрсетті. Атап айтқанда, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Тлеужан Жалғас І орынға ие болды. Сонымен қатар, Ботабай Ильяс ІІ орын алып, 7 «Ж» сынып оқушысы Исраилов Карим І орынды жеңіп алды.
Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз және алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындыруларына тілектеспіз!
С 27 по 29 марта 2026 года в городе Алматы прошло открытое первенство по пенчак силату.
В соревнованиях приняли участие более 300 спортсменов из Кыргызской Республики, а также из Атырауской, Туркестанской, Улытауской, Алматинской областей и города Алматы.
В данных соревнованиях представители школы №142 показали отличные результаты. Учитель физической культуры Тлеужан Жалғас занял І место. Также Ботабай Ильяс стал серебряным призёром, а ученик 7 «Ж» класса Исраилов Карим завоевал І место.
Поздравляем победителей и желаем им дальнейших успехов и новых достижений!

