26 қараша 2025 0 1 2 3 4 5 «Білім бәйгесі» дебаты – 5-сыныптар арасындағы зияткерлік сайыс / Дебаты «Білім бәйгесі» среди 5-х классов. 2025 жылдың 21 қарашасында 5-сыныптар арасында «Білім бәйгесі» атты дебаттық сайыс өз мәресіне жетті. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың қазақ тілі мен әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін ашу және командалық жұмысқа бейімдеу болды. Дебатқа үш сынып қатысты. Сайысты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Керимова Гүлғайша Есенбекқызы ұйымдастырып, жоғары деңгейде өткізді. 21 ноября 2025 года среди 5-х классов прошли дебаты под названием «Білім бәйгесі». Цель мероприятия – повышение интереса к казахскому языку и литературе, развитие логического мышления, раскрытие творческих способностей учащихся и формирование навыков командной работы. В дебатах приняли участие три класса. Организатором и ведущей мероприятия выступила учитель казахского языка и литературы Керимова Гульгайша Есенбековна. Осы беттің QR-коды:QR-код этой страницы: