Алматы қаласы Білім басқармасының
«№142 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8(727) 252-01-07
Есепші бөлімі:
8 (727) 251-57-71
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мектеп спартакиадасы: волейбол жарысы» / «Школьная спартакиада: соревнования по волейболу»
11
мамыр
2026

«Мектеп спартакиадасы: волейбол жарысы» / «Школьная спартакиада: соревнования по волейболу»

8 мамыр күні №142 жалпы білім беретін мектепте 9-сынып оқушылары арасында мектеп спартакиадасы аясында аралас командалар арасында волейбол жарысы ұйымдастырылып өткізілді. Жарысқа 9 «Г», 9 «Д», 9 «Е» және 9 «Ж» сыныптарының оқушылары қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың дене шынықтыру мен спортқа деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, достық қарым-қатынасты нығайту, сондай-ақ командалық бірлікті, төзімділік пен спорттық шеберлікті дамыту болды.
Жарыс достық әрі ұйымшыл атмосферада өтті. Бітіруші сынып оқушылары өздерінің спорттық дайындықтарын, командалық рухын, жеңіске деген ұмтылысын және қарсыластарға деген құрметін көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша:
🥇 І орын — 9 «Е» сыныбы
🥈 ІІ орын — 9 «Д» сыныбы
🥉 ІІІ орын — 9 «Г» сыныбы
4 орын — 9 «Ж» сыныбы
Жарыстың бас төрешісі: Канищева О. П.
Төрешілер алқасы, дене шынықтыру пәні мұғалімдері:
— Наурызбай Б. С.
— Ботабай И. К.
— Тлеужан Ж. К.
Өткізілген іс-шара оқушылардың спорттық ойындарға деген қызығушылығын арттырып, командалық өзара әрекеттестікті нығайтуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал етті.
8 мая в КГУ ОШ №142 в рамках школьной Спартакиады среди учащихся 9-х классов были организованы и проведены соревнования по волейболу среди смешанных команд. В соревнованиях приняли участие учащиеся 9 «Г», 9 «Д», 9 «Е» и 9 «Ж» классов.
Основной целью мероприятия являлось развитие интереса к занятиям физической культурой и спортом, пропаганда здорового образа жизни, укрепление дружеских отношений между учащимися, а также развитие командного взаимодействия, выносливости и спортивного мастерства.
Соревнования прошли в дружеской и организованной атмосфере. Учащиеся выпускных классов продемонстрировали хорошие спортивные навыки, командный дух, стремление к победе и уважительное отношение к соперникам.
По итогам соревнований места распределились следующим образом:
🥇 1 место — 9 «Е» класс
🥈 2 место — 9 «Д» класс
🥉 3 место — 9 «Г» класс
4 место — 9 «Ж» класс
Главный судья соревнований: Канищева О. П.
Судейская бригада, учителя физической культуры:
— Наурызбай Б. С.
— Ботабай И. К.
— Тлеужан Ж. К.
Проведённое мероприятие способствовало повышению интереса учащихся к спортивным играм, укреплению командного взаимодействия и формированию положительной мотивации к занятиям спортом.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: