Кітапханаға саяхат – білімге бастар жол. Экскурсия в библиотеку – путь к знаниям.
2026 жылдың көктемгі демалысы кезінде №142 жалпы білім беретін мектептің 2 «В» сынып оқушылары Түркісіб ауданына қарасты №30 кітапханаға саяхат жасады.
Саяхаттың негізгі мақсаты – оқушыларды кітапхана өмірімен таныстыру, кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру және білімнің кілті кітап арқылы берілетінін ұғындыру болды. Сонымен қатар, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы мағлұмат беру көзделді.
Оқушылар кітапханаға үлкен қызығушылықпен барды. Кітапхана меңгерушісі мен қызметкерлері балаларды жылы қарсы алып, кітапхана ережелерімен таныстырды. Балалар әдебиеті мен ертегілерге толы сөрелерді көргенде оқушылардың қуанышында шек болмады. Қызметкерлер оқушыларға әртүрлі кітаптарды ұсынып, оларды дұрыс пайдалану жолдарын түсіндірді.
«Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті», – деген жазушы-драматург Ғабит Мүсіреповтің сөзі бұл саяхаттың маңызын айқындай түсті. Сонымен қатар, Ахмет Байтұрсыновтың «Білімнің бас құралы – кітап» деген нақыл сөзін де оқушылардың есіне жиі салып отырудың маңызы зор.
Сынып жетекші: Әділбаева Айгүл Қадырбекқызы
Во время весенних каникул 2026 года учащиеся 2 «В» класса КГУ ОШ №142 посетили библиотеку №30 Турксибского района с познавательной экскурсией.
Основной целью экскурсии было ознакомление учащихся с жизнью библиотеки, формирование понимания значимости книги в жизни человека и осознание того, что ключ к знаниям лежит через чтение. Также особое внимание было уделено роли науки и образования.
Ученики с большим интересом посетили библиотеку. Заведующая и сотрудники встретили детей очень тепло, познакомили с правилами пользования библиотекой. Увидев полки, наполненные детской литературой и сказками, учащиеся испытали искреннюю радость. Сотрудники библиотеки предложили детям различные книги и объяснили правила их использования.
Как отметил писатель и драматург Ғабит Мүсірепов: «Книга – это духовное наследие, переданное от предыдущего поколения следующему». Эти слова ещё раз подчёркивают важность подобных экскурсий. Также важно напоминать слова Ахмета Байтурсынова: «Главное средство знаний – книга».
Классный руководитель: Әділбаева Айгүл Қадырбекқызы