Алматы қаласы Білім басқармасының
«№142 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8(727) 252-01-07
Есепші бөлімі:
8 (727) 251-57-71
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу тақырыбында түсіндіру жұмысы өтті. Проведена лекция по профилактике религиозного экстремизма и терроризма.
17
ақпан
2026

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу тақырыбында түсіндіру жұмысы өтті. Проведена лекция по профилактике религиозного экстремизма и терроризма.

2026 жылғы 16 ақпанда Алматы қаласы, Жұлдыз-1 ықшамауданы, 20 мекенжайында орналасқан №142 жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу тақырыбында лекция өткізілді.

Кездесуге ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы, PhD, философия докторы, дінтанушы Сәрсембаев Руслан Меіржанович қатысты.

Кездесу барысында тыңдаушыларға деструктивті діни ағымдардың белгілері, экстремистік идеялардың таралу әдістері түсіндіріліп, ұлттық және діни құндылықтардың өзара байланысы туралы айтылды.

Сарапшы қоғамда конфессияаралық бейбітшілік пен келісімді сақтау үшін халықтың жалпы мәдениеті мен білім деңгейін, құқықтық сауаттылығын арттырудың, сондай-ақ отбасы мен қоғамда толеранттылық дәстүрлерін қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

Іс-шара барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Кездесу жоғары деңгейде өтіп, тыңдаушыларға пайдалы ақпарат берілді.

16 февраля 2026 года среди учащихся общеобразовательной школы №142, расположенной по адресу: микрорайон Жулдыз-1, 20, была проведена лекция по профилактике религиозного экстремизма и терроризма.

На встрече выступил член информационно-разъяснительной группы, старший преподаватель кафедры религиоведения и культурологии Казахского национального университета имени аль-Фараби, PhD, доктор философии, религиовед Сарсембаев Руслан Меиржанович.

В ходе выступления слушателям были разъяснены признаки деструктивных религиозных течений, методы распространения экстремистских идей, а также раскрыта взаимосвязь национальных и религиозных ценностей.

Эксперт отметил важность повышения общей культуры и уровня образованности населения, в том числе правосознания, а также утверждения толерантных традиций в семье и обществе для обеспечения межконфессионального мира и согласия.

В ходе мероприятия участники получили ответы на интересующие их вопросы. Мероприятие прошло на должном уровне, слушатели остались довольны.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: