«Ана қадірі» – тәрбиелік іс-шара. «Ценность матери» – воспитательное мероприятие.
2026 жылғы 09 ақпанда 11 «Ә» сыныпта сынып жетекшісі Досанова Мөлдір Маратовна жүргізген «Ана қадірі» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізілді. Негізгі мақсат – оқушылардың жүрегіне ананың мейірімі мен шексіз махаббатын сезіндіру, ана алдындағы перзенттік парызды терең ұғындыру.
Іс-шараның жүрекке жетер өзегі – «Анадан хат». Ана жүрегінен шыққан хат оқушыларды бейжай қалдырмай, әр баланы өз анасы туралы ойға жетеледі. Хаттағы әрбір сөз мейірімге, сағынышқа, үміт пен сенімге толы болды.
Бұл тәрбие сағаты оқушыларға ананың қадірін бағалауды, әрбір жылы сөз бен ізгі әрекеттің ана үшін қаншалықты маңызды екенін ұғындырды, көпшіліктің көңілінде тебіреніс пен әсерлі сезім қалдырды.
09 февраля 2026 года в 11 «Ә» классе под руководством классного руководителя Досановой Мөлдір Маратовны прошло воспитательное мероприятие на тему «Ценность матери». Основная цель — донести до учащихся материнскую любовь и заботу, глубоко осознать долг перед матерью.
Сердцевина мероприятия — «Письмо от матери». Письмо, исходящее от сердца матери, не оставило учащихся равнодушными и заставило каждого задуматься о своей матери. Каждое слово в письме было наполнено теплотой, любовью, надеждой и верой.
Этот воспитательный час помог учащимся понять ценность матери, насколько важны для неё каждое доброе слово и поступок, оставив в сердцах многих трепетные и глубокие чувства.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:
