«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы. Республиканская акция «Одна страна – одна книга»
«Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында 1–11 сынып оқушылары арасында «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы өткізілді. Акция барысында мектеп ұстаздары оқушыларға Қ. Жолдыбайдың «Кемел адам» шығармасын оқуға ұсынды. Кітапта автор жан-жақты жетілген тұлғаның қасиеттерін діни дәлелдер, қазақ ойшылдарының тұжырымдары және адамзатқа ортақ құндылықтар арқылы түсіндіреді.
Акция барысында әр сыныптың жас ерекшелігі ескеріліп, түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Бастауыш сыныптарға «Еңбектің наны тәтті» ертегісі ұсынылып, 2-сыныптар арасында талдау мақсатында ойкөкпар ұйымдастырылды.
Акция қорытындысында 1–11 сыныптар аралығында «Кемел адам – қандай адам?» және «Еңбектің наны тәтті» тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарының мақсаты – оқушыларға «кемел адам» ұғымын түсіндіру болды. Бастауыш сынып оқушылары тақырып бойынша сурет салып, шығармалар жазса, орта және жоғары сынып оқушылары өз ойларын ортаға салып, «Кемел адам» ұғымын терең талқылады.
Акция қорытындысы адамгершілік, патриотизм, еңбекқорлық пен адалдықты дәріптейтін әндер кешімен аяқталды.
В рамках программы «Детская библиотека» среди учащихся 1–11 классов была проведена республиканская акция «Одна страна – одна книга». В ходе акции педагогами школы было рекомендовано произведение К. Жолдыбая «Совершенный человек». В книге автор раскрывает качества всесторонне развитой личности, опираясь на религиозные доводы, мудрые высказывания казахских мыслителей и общечеловеческие ценности.
В ходе акции учитывались возрастные особенности учащихся, были организованы различные мероприятия. Для начальных классов была предложена сказка «Хлеб труда сладок», а среди учащихся 2-х классов проведена познавательная игра-обсуждение.
По итогам акции в 1–11 классах прошли классные часы на темы «Какой он – совершенный человек?» и «Хлеб труда сладок». Целью мероприятий стало раскрытие понятия «совершенный человек». Учащиеся начальных классов рисовали и писали сочинения, а ученики среднего и старшего звена активно обсуждали, кто такой совершенный человек и какими качествами он должен обладать.
Завершилась акция праздничным вечером песен, посвящённых человечности, патриотизму, трудолюбию и искренности.
