«Үздік оқырман » пікірталас іс-шарасы » КГУ Общеобразовательная школа №142
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№142 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8(727) 252-01-07
Есепші бөлімі:
8 (727) 251-57-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Үздік оқырман » пікірталас іс-шарасы
03
наурыз
2020

«Үздік оқырман » пікірталас іс-шарасы

3 наурыз күні Қазақ тілі мен әдебиеті пәні ұстаздарының ұйымдастыруымен ұлтымыздың дара туған ұлы перзенті- хакім Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай Абайдың шығармашылығына арналған  «Үздік оқырман» атты тағылымды пікірталас іс шарасы өтті. Шараға қонақ болып Абай атындағы ҚазҰПУ-ң профессоры, абайтанушы Бекболатов Марат Нұрғазыұлы және Әл-Фараби атындағы қазақ тіл білімі кафедрасының оқытушысы Нұрмұхан Әсем келді.

Пікірталас іс-шарасының мақсаты: М.Әуезовтың «Абай жолы» роман эпопеясына ден қоятын, А.Құнанбаев сынды ұлы тұлғаның өмір соқпақтарын терең білетін тағылым мол рухты ұрпақ тәрбиелеу. Абай шығармашылығын жас ұрпақтың «жүрегіне терең бойлатып», абайдың жұмбақ әлемінің тылсым сырларына үңілу.

Пікірталас іс-шарасы үш бөлімнен тұрды: Жас оқырмандардың, 9 «Ә» және 9 «Б» сынып оқушыларының «Абай жолы» роман эпопеясын талдау, зерттеу пікірлері; Абайтанушы профессор Бекболатов Марат Нұрғазыұлы; Сұрақ-жауап, пікірталас.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: