"Қош келдің, әз Наурыз!" атты салтанатты мерекелік іс-шара
31.03.2025 жылы №142 жалпы білім беретін мектебінде "Қош келдің, әз Наурыз!" атты салтанатты мерекелік іс-шара өтті. Мақсаты Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрлерін, әдеп-ғұрыптарын көрсету және оларды құрметтеуге тәрбиелеу. Ұрпақтардың өз ұлтына, Отанына, жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Мектептің аумағында киіз құрылып, ұлттық дастархан жайылып, түрлі салт-дәстүрлер көрсетіліп, оқушылардың ән, күй би өнерлері тамашаланды.