Алматы қаласы Білім басқармасының
«№142 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8(727) 252-01-07
Есепші бөлімі:
8 (727) 251-57-71
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №142 мектеп ұжымымен Конституциялық өзгерістер бойынша кездесу өтті. Встреча с коллективом школы №142 по вопросам конституционных изменений.
20
ақпан
2026

№142 мектеп ұжымымен Конституциялық өзгерістер бойынша кездесу өтті. Встреча с коллективом школы №142 по вопросам конституционных изменений.

Түрксіб ауданында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының екінші кездесуі №142 жалпы білім беретін мектеп ұжымымен өтті.

Кездесу барысында жаңа Ата Заң жобасының мазмұны мен негізгі бағыттары жан-жақты түсіндірілді. Конституциялық өзгерістер қоғамның барлық тобының сұранысына берілген нақты жауап екені, саяси жүйені жаңғыртып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейтуге, сондай-ақ «мемлекет адам үшін» қағидатын іс жүзінде жүзеге асыруға бағытталғаны атап өтілді.

Жиын ашық әрі еркін пікір алмасу форматында өтті. Қатысушылар ұсынылып отырған өзгерістерге қатысты өз ой-пікірлерін білдіріп, бірқатар сұрақтарын қойды. Коалиция мүшелері әр сауалға жан-жақты жауап беріп, референдумның тарихи маңызына тоқталды.

Мектеп ұжымы бастамаларды қолдайтындарын жеткізіп, елдің тұрақты дамуы мен әділетті қоғам құру жолындағы маңызды қадамдарға белсенді атсалысуға дайын екендерін білдірді.


В Турксибском районе состоялась вторая встреча представителей общенациональной коалиции «За Народную Конституцию Справедливого и Прогрессивного Казахстана!» с коллективом общеобразовательной школы №142.

В ходе встречи была подробно разъяснена суть и основные направления проекта новой Конституции. Было отмечено, что предлагаемые конституционные изменения являются ответом на запросы всех слоёв общества, направлены на модернизацию политической системы, расширение прав и свобод граждан, а также на реализацию принципа «государство для человека».

Мероприятие прошло в формате открытого и свободного обмена мнениями. Участники высказали свои предложения и задали интересующие их вопросы. Члены коалиции подробно ответили на каждый вопрос и подчеркнули историческое значение референдума.

Коллектив школы выразил поддержку инициативам и отметил готовность активно участвовать в важных шагах на пути к устойчивому развитию страны и построению справедливого общества.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: