Алматы қаласы Білім басқармасының
«№142 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8(727) 252-01-07
Есепші бөлімі:
8 (727) 251-57-71
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Кітап оқитын отбасы» клубының жұмысы. Работа клуба «Читающая семья».
08
ақпан
2026

«Кітап оқитын отбасы» клубының жұмысы. Работа клуба «Читающая семья».

№142 жалпы білім беретін мектепте «Кітап оқитын отбасы» атты клуб өз жұмысын бастады.

Клубтың мақсаты – отбасы мүшелерін кітап оқуға тарту, оқуға қызығушылықты арттыру, оқушылар мен ата-аналардың бірлескен оқу дәстүрін қалыптастыру.

Қатысушылар:
• Оқушылар (барлық сыныптар)
• Ата-аналар
• Мектеп кітапханашысы
• Мұғалімдер

Клуб мектеп кітапханасы мен отбасының бірлескен жұмысын ұйымдастыру негізінде құрылды. Негізгі бағыт – оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастыру және белсенді оқырмандар қауымдастығын дамыту.

Клубтың міндеттері:
• Отбасында кітап оқу дәстүрін қалыптастыру;
• Оқушылар мен ата-аналардың шығармашылық байланысын нығайту;
• Кітап оқу мәдениетін дамыту;
• Белсенді оқырман қауымдастығын қалыптастыру.

Клуб аясында 3 «В» сынып оқушылары Сейтқазы Айсұлтан мен Әлібек Кәусар кітапханада кітап оқып, өз әсерлерімен бөлісті.
4 «Б» сынып оқушысы Ержан Гүлнар әкесімен бірге кітап оқыса, 4 «Г» сынып оқушысы Камалбек Абылай анасымен бірге кітапханаға келіп, отбасылық оқу дәстүрін насихаттады.

Мұндай шаралар оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, отбасы мен мектеп арасындағы байланысты нығайтады.


В средней школе №142 начал свою работу клуб «Читающая семья».

Цель клуба – привлечение членов семьи к чтению, повышение интереса к книгам, формирование традиции совместного чтения среди учащихся и родителей.

Участники клуба:
• Учащиеся (всех классов)
• Родители
• Школьный библиотекарь
• Учителя

Клуб создан на основе совместной работы школьной библиотеки и семьи. Основное направление деятельности – формирование читательской культуры учащихся и развитие активного сообщества читателей.

Задачи клуба:
• Формирование семейной традиции чтения;
• Укрепление творческой связи между детьми и родителями;
• Развитие культуры чтения;
• Формирование активного читательского сообщества.

В рамках работы клуба учащиеся 3 «В» класса Сейтқазы Айсултан и Әлібек Каусар посетили библиотеку и поделились впечатлениями о прочитанных книгах.
Ученица 4 «Б» класса Ержан Гульнар читала вместе с отцом, а ученик 4 «Г» класса Камалбек Абылай посетил библиотеку вместе с мамой, демонстрируя пример семейного чтения.

Подобные мероприятия способствуют развитию интереса к чтению и укреплению сотрудничества школы и семьи.



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: