Алматы қаласы Білім басқармасының
«№142 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8(727) 252-01-07
Есепші бөлімі:
8 (727) 251-57-71
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Өлеңмен өрілген өмір» атты әдеби-сазды кеш. Литературно-музыкальный вечер «Жизнь, сотканная из стихов».
10
ақпан
2026

«Өлеңмен өрілген өмір» атты әдеби-сазды кеш. Литературно-музыкальный вечер «Жизнь, сотканная из стихов».

№142 жалпы білім беретін мектебінде Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай «Өлеңмен өрілген өмір» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Бұл кеш – поэзия мен сезім тоғысқан, жыр арқылы жүрекке жол тапқан ерекше рухани сәт болды. Кеш барысында ақынның жүрекке жақын өлеңдері оқылып, поэзиялық сахналық қойылымдар көрермен назарына ұсынылды.

Аталған шара Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің тәжірибеден өтуші студенттері мен 9 «Ә» сыныбының ұйымдастыруымен өткізілді. Кеш мазмұнды сценарий негізінде құрылып, әдеби нөмірлер өзара үйлесім тапты.

Мұқағали жыры – уақытпен өлшенбейтін, адам жанына мәңгі серік болатын асыл мұра. Жас жүректер поэзия әлеміне тағы бір қадам жасап, сөз құдіретін терең сезінді.

Бұл кеш – өлеңмен өрілген өмірдің әсем көрінісі болды.


В средней школе №142 состоялся литературно-музыкальный вечер «Жизнь, сотканная из стихов», посвящённый 95-летию со дня рождения Мукагали Макатаева.

Этот вечер стал особым духовным событием, где поэзия и чувства нашли путь к сердцу через проникновенные строки поэта. В ходе мероприятия звучали любимые стихотворения, были представлены поэтические инсценировки.

Мероприятие было организовано студентами-практикантами Казахского национального женского педагогического университета совместно с учащимися 9 «Ә» класса. Вечер прошёл по содержательному сценарию, а литературные номера гармонично дополняли друг друга.

Поэзия Мукагали — это наследие, неподвластное времени, которое навсегда остаётся в душе человека. Молодые сердца сделали ещё один шаг в мир поэзии, осознавая ценность слова.

Этот вечер стал прекрасным отражением жизни, сотканной из стихов.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: