21
ақпан
2025
Нахан Сағадиұлымен кездесу кеші!
21.02.2025ж. 142 жалпы білім мектепте Ұлы Отан соғысына 80 жыл толуын атап өту мақсатында тыл ардагері Нахан Сағадиұлымен кездесу кеші өтті. Іс-шараға 9-11 сынып оқушылары шақырылды. Кездесу барысында Нахан ата соғыс жылдары басынан өткен қиын кездерімен бөлісіп, ауыр жағдайда еңбек еткенін айтты. Кеш соңында балаларға ақ батасын беріп, Отансүйгіштікке, елін, жерін қорғауға шақырды.





