" Білім күні " » КГУ Общеобразовательная школа №142
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№142 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8(727) 252-01-07
Есепші бөлімі:
8 (727) 251-57-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
қыркүйек
2023

" Білім күні "

Құрметті Қазақстандық оқушылар, ата - аналар! Сіздерді 1 қыркүйек " Білім күні " мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Оқушылар, Қазақстанның жарқын болашағы сіздердің қолдарыңызда ! Қазақстаннымызды әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттерінің біріне қосатын да сіздер. Ол үшін адал еңбектің бастамасы салауатты білім, парасатты ой, ізденімпаздық, сыни ойлау жүйесін дамыту, білімге деген құштарлықты мейлінше Қазақстанымызға қызмет ете алатындай жоғары деңгейлі маман болуға талпыну , үлкенге ізет, кішіге өнеге бола білетін, келешекті ұлжандылыққа тәрбиелейтін алғыр да болашағынан зор үміт күттіретін де сіздерсіздер! Бүгін Қазақстанның түкпір- түкпірінде "Білім күні" мерекесіне мектеп табалдырығын алғаш аттаған, білім нәрімен сусындауға асыққан жас ұрпақ, Тәуелсіз мемлекетіміздің іргетасын қалайтын, өсіп өркендеуіне үлкен үлес қосатында сендерсіңдер! Жолдарың жарқын болсын !
01.09.2023 жылы өз уақытында "Мектебім-мейірім мекені" атты тақырыпта салтанатты алғашқы қоңырау мерекесі өткізілді. Мереке қонағы ретінде Түрксіб аудандық коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы: Кабдиев Бахтияр Жуматаевич шақырылды. №142 жалпы білім беретін мектеп директоры Н.С. Немертов сөз сөйлеп мектеп оқушыларын, ұстаздарын және ата-аналарын жаңа оқу жылымен құттықтады. Білім күні салтанатты жиынында мектептің талантты оқушылары ән айтып, өз өнерлерін көрсетті. Салтанатты жиын жоғарғы деңгейде өткізіліп, жаңа оқу жылына нық сеніммен қадам бастық.



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: