"Жас құтқарушы" » КГУ Общеобразовательная школа №142
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№142 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8(727) 252-01-07
Есепші бөлімі:
8 (727) 251-57-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
мамыр
2023

"Жас құтқарушы"

Түрксіб аудандық білім бөлімі жəне Түрксіб ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен ауданымыздан 27 мектептер арасынан "Жас құтқарушы" жарысы болып өтті.
Жарыстың мақсаты: жас құтқарушылар арасында бұқаралық құтқарушылар жұмыстарын жандандыру, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тəрбиелеу, құтқарушы тəсілдері арқылы салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ балалар мен жастарды қолданбалы спорт түрімен шұғылдануға тарту, жасөспірімдерді əскери-патриоттық негізге тəрбиелеу. Түрксіб ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің инженерлері, өрт сөндіру бөлімінің жəне аудандық оқушылар үйінің əдіскері төрелік етті.
Қазылар алқасы шешімімен №142 жалпы білім беретін мектептің "Жас құтқарушылар" тобы, ІІ орынды
иеленіп, қалалық жарысқа жолдама алды. Сонымен қатар, сыйлықтармен марапаттады. Сондай-ақ, жаттықтырушылары: Башенов Нұрбол мен Зарқынбеков Ерсін "Алғыс хатпен" марапатталды. Оқушыларымызбен жаттықтырушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!

 


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: