15 мамыр – Халықаралық Отбасы күні. 15 мая - Всемирный день семьи. » КГУ Общеобразовательная школа №142
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№142 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8(727) 252-01-07
Есепші бөлімі:
8 (727) 251-57-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 15 мамыр – Халықаралық Отбасы күні. 15 мая - Всемирный день семьи.
15
мамыр
2023

15 мамыр – Халықаралық Отбасы күні. 15 мая - Всемирный день семьи.

15 мамыр – Халықаралық Отбасы күні. Келешекте бұл күнді қазақстандықтар үшін де маңызды мерекеге айналарына сенім білдіремін.
Бақытты отбасы – табысты мемлекеттің өзегі. Мемлекет басшысы «Толық адам» тұжырымдамасын үнемі айтып жүреді. Бұл дегеніміз бірінші кезекте – аға буынның ақыл-кеңесі мен жиған тәжірибесін бойға сіңіре отырып, жаңа білім алуға құлшынысты жаңа заман адамы. Ал мұндай жан-жақты толыққанды тұлғаны бақытты, тәрбиелі, махаббат билік құрған толық отбасы ғана тәрбиелей алады. Сондықтан отбасы құндылықтарының алға озып, әл-ауқаттың өсуі қай кезде де мемлекет үшін де, қоғам үшін де маңызды міндет болып қала береді.
Осы орайда, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия әлеуметтік желілерде отбасы құндылықтарын дәріптеу бойынша арнайы флешмоб ұсынады. Еліміздің барлық азаматтарын осы бастаманы қолдауға, отбасы құндылығын біріге насихаттап, қорғауға шақырамын. Семьи учащихся нашей школы приняли участие  в республиканском флешмобе, посвященном Всемирному Дню семьи.
#Отбасым #Деньсемьи.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: