06
шілде
2022
"Елорда тарихы-ел тарихы".
Елорда тарихы- ел тарихы
Халықты жасайтын – тарих, тарихты жасайтын – жеке тұлғалар. Дәуір ағысын алыстан аңдап, қажетті шешімдерді дер кезінде шығарып, уақыт толқынын бағындыра білетін ұлт көсемдері. Елдікті сақтайтын да, ел сенімін ақтайтын да солар.
Тәрбиелік тұрғысы жайлы толғасақ, Тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы жаңа елордамызды әспеттеп, ұлықтау арқылы біз еліміздің келешегі жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиеттерді дарытып, қанына патриоттық сезімдерді сіңірудеміз. Осылардың барлығы бір арнаға тоғыса келе, ұлтты ұйыстыруға, мемлекеттілігімізді нығайтуға қызмет етіп жатыр. Мектебіміздің оқушылары, соның ішінде 8 "Ә" сыныбы өз демалыстарында осы тақырыпқа байланысты өз видеороликті түсіріп, бізбен бөлісті. Сынып жетекшісі Кожабекова Жаңыл апайымызға алғысымыз шексіз. 







