Тіл апталығының жабылуы. Ашық тәрбие сағаты. » КГУ Общеобразовательная школа №142
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№142 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8(727) 252-01-07
Есепші бөлімі:
8 (727) 251-57-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тіл апталығының жабылуы. Ашық тәрбие сағаты.
25
қыркүйек
2019

Тіл апталығының жабылуы. Ашық тәрбие сағаты.

Қыркүйектің 25-де қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қожабекова Жаңыл Жұмановна «Тіл –тірегім, соғып тұрған жүрегім» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.

Мақсаты: Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Тілге деген сүйспеншілігін, қызығушылығын дамыту. Тіл мәдениетіне, достық қарым-қатынасқа, ой ұшқырлығы мен тапқырлыққа, өз ұлтын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақ басында оқушылар мемлекеттік әнұранды шырқап,  «Үш би» көрінісімен жалғастырды. «Жеті жұрттың тілін біл» атты кезеңде жасырылған жұмбақтардың шешімін үш тілде айтып, «Сөз мәйегі-мақал» атты кезеңде мақал-мәтел айтып жарысты. «Көркем сөз» сайысында оқушылар тіл туралы дайындап келген өлеңдерін мәнерлеп оқып, өз өнерлерін көрсетті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: