Алматы қаласы Білім басқармасының
«№142 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8(727) 252-01-07
Есепші бөлімі:
8 (727) 251-57-71
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» «Қыз сыны» – 8 Наурызға арналған танымдық байқау. Познавательный конкурс «Девчонки» к 8 Марта.
08
наурыз
2026

«Қыз сыны» – 8 Наурызға арналған танымдық байқау. Познавательный конкурс «Девчонки» к 8 Марта.

Мектебімізде көктемнің ең әдемі мерекелерінің бірі – 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Қыз сыны» атты танымдық байқау ұйымдастырылды.

Байқаудың басты мақсаты – қыз балалардың өнерін, тапқырлығын, шеберлігін, әдептілігі мен сұлулығын насихаттау, ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу.

Байқауға бастауыш сыныптың талантты қыздары қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Қатысушылар «Таныстыру», «Өнер көрсету», «Қолөнер», «Викториналық сұрақтар» және «Сән үлгісі» кезеңдері бойынша бақ сынады. Әр кезеңде қыздар өздерінің білімділігін, шығармашылығын және сахна мәдениетін көрсете білді.

Ұйымдастырушы: Уштаева Раушан Жексенбайқызы

В нашей школе, в преддверии одного из самых красивых праздников весны – Международного женского дня 8 Марта, был проведён познавательный конкурс «Девчонки».

Главная цель конкурса – показать талант, смекалку, мастерство, воспитанность и красоту девочек, а также популяризировать национальные традиции.

В конкурсе участвовали талантливые ученицы начальной школы, которые продемонстрировали свои способности. Участницы состязались в таких этапах, как «Представление», «Показ таланта», «Рукоделие», «Викторина» и «Модный показ». На каждом этапе девочки показали свои знания, креативность и сценическую культуру.

Организатор: Уштаева Раушан Жексенбайқызы

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: