«Бүгінгі шақ және болашақ:әр бала үшін қорғаныс қамтамасыз етілген балалық шақ» » КГУ Общеобразовательная школа №142
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№142 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8(727) 252-01-07
Есепші бөлімі:
8 (727) 251-57-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Бүгінгі шақ және болашақ:әр бала үшін қорғаныс қамтамасыз етілген балалық шақ»
13
қараша
2019

«Бүгінгі шақ және болашақ:әр бала үшін қорғаныс қамтамасыз етілген балалық шақ»

2019 жыл – ҚР-ның Бала құқықтары туралы Конвенцияны қабылдауының 30 жылдығы және ратификациялауының 25 жылдығын мерекелеу жылы болып танылғандығына орай 2019 жылы 13 қараша күні «Бүгінгі шақ және болашақ:әр бала үшін қорғаныс қамтамасыз етілген балалық шақ» атты Дүниежүзілік сабақ өтті.

Конвенция –бірегей халықаралық балалар Конституциясы. Бұл халықаралық құжат тек бала құқықтарының тізбесін ғана емес, ең алдымен балалардың экономикалық және элеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында мемелекет өзіне жүктеген міндеттемелерін білдіреді. Конвенция әлемнің 195 елімен ратификацияланған.

Дүниежүзілік сабақ 1-11 сыныптар аралығында өтті, балаларға конвенция туралы ақпарат беріліп, өздерінің құқықтары мен міндеттері туралы түсіндірілді. Құқық негіздері пәнінің мұғалімдері Баянбай А.С. 9 «Б» сыныбында және Курбанова М.Х.  8 «Г» сыныбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабаққа №20 емхананың әлеуметтік қызметкері Рахымова Ж.К., психологы Мейрханова А.Б., мектеп директоры Куатова А.М. қатысты.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: