Қамқорлық акциясы » КГУ Общеобразовательная школа №142
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№142 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8(727) 252-01-07
Есепші бөлімі:
8 (727) 251-57-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
қаңтар
2019

Қамқорлық акциясы



Қамқорлық акциясы


                                                                                                     Өзін ғана ойлаған,

Жамандықтың белгісі.

                                                                                                     Өзгені де ойлаған ,

                                                                                                       Адамдықтың белгісі.

Адамгершілік. Адамға қойылатын басты талап –асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген, ұлағатты азамат болып шығу. Өйткені адам-өзінің        адамгершілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен және әділеттілігімен ардақты. Халқымыз қайырымды-мейірімді жанды «адамгершілігі мол адам» деп дәріптеген.

Қайырымды-мейірімді жан –өзгелерді,басқа адамдарды ойлап ,соларға қол ұшын беруші жан.Ал,адамдардың қамын жеу дегеніміз,адамгершілікке келіп соғады.

Адамгершілік-адамның рухани арқауы.

Мұны адамгершілік туралы айтылған мақал-мәтелдерден байқауға болады. №142 жалпы білім беретін мектепте бастауыш сынып ұстаздары «Қамқорлық» акциясын жүргізді.

           4 «В» сынып оқушысы Жамбырбаев Нұрсатқа азық-түлік себеті түрінде қайырымдылық көмек көрсетті. Анасы Жамбырбаева Лаура жалғыз басты ана. Отбасында 1қыз, 1ұл тәрбиелеп отыр. 

                  Анасы Лаура  бастауыш сынып ұстаздарына ризашылығын   білдіріп рахметін айтты. 


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: