«Тәуелсіздік шапағаты» » КГУ Общеобразовательная школа №142
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№142 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8(727) 252-01-07
Есепші бөлімі:
8 (727) 251-57-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
желтоқсан
2018

«Тәуелсіздік шапағаты»

19.12.2018 ж. өткізілген шара туралы ақпарат

№142 жалпы білім беретін мектеп

№142 жалпы білім беретін мектептің 5 «Б» сынып жетекшісі Керимова Гүлғайша  Есенбекқызы «Тәуелсіздік шапағаты» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. 

Тәрбие сағатының мақсаты:  еліміздің Тәуелсіздігі үшін күрескен және сол мақсаттарға жету барысында өздерінің елі, халқы үшін, жері үшін құрбан болған батырлардың ерлігі, оқушыларды елін, туған жерін халқын сүюге, патриоттыққа тәрбиелеу. Оқушының тіл байлығын дамыту, есте сақтау қабілетін шыңдау, мәнерлеп оқуға баулу, ой – өрісін кеңейту. Отан Ананы, елді, табиғатты, жерді құрметтеуге, тәуелсіздікті бағалай білуге, ұлтжанды, елжанды болуға тәрбиелеу.

5 «Б» сынып оқушылары өз білімдерімен қатар бар өнерлерін ортаға салды. Желтоқсан оқиғасы туралы, желтоқсан оқиғасына қатысқан жастар туралы айтып, тәуелсіздік алғаннан бастап қазіргі уақытқа дейінгі жылдар деректерімен таныстырды.











№142 ЖББМ директоры                              Қуатова А.М.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: