Алматы қаласы Түрксіб ауданы № 142 ЖББ мектебінде «Қазақтың ұлттық ойындары» тақырыбында өткізілген спорттық жарыстың есебі » КГУ Общеобразовательная школа №142
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№142 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8(727) 252-01-07
Есепші бөлімі:
8 (727) 251-57-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Алматы қаласы Түрксіб ауданы № 142 ЖББ мектебінде «Қазақтың ұлттық ойындары» тақырыбында өткізілген спорттық жарыстың есебі
15
желтоқсан
2018

Алматы қаласы Түрксіб ауданы № 142 ЖББ мектебінде «Қазақтың ұлттық ойындары» тақырыбында өткізілген спорттық жарыстың есебі

15 желтоқсан күні №142 ЖББ мектебінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне орай,6-сыныптар арасында  мектептіңденешынықтырупәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Қазақтың ұлттық ойындары» тақырыбында спорттық жарыс өткізілді. Жарысқа  5 команда қатысты. Жарыс Қазақстан Республикасының Гимнін орындаудан басталды. Жарысқа қатысушыларға мектеп директоры Қуатова Ақылсара Мергенбаевна сәттілік тіледі. Әр команданың аты, ұраны болды. Жарыс төмендегідей қазақтың ұлттық ойындарынан тұрды:

  • «Арқан тартыс»
  • «Тұмақ ұру»
  • «Бұқа тартыс»
  • «Асық ату»
  • «Бәйге»
Осы аталған ұлттық ойындар оқушыларды ептілікке,шапшаңдыққа, жылдамдыққа  үйретеді. Жарыс қазақ халқының ұлттық  ойындарын насихаттауға, салауатты өмір салтын сақтауға  бағытталған. Сонымен қатар, әділ- қазылар жарыстың қорытындысын шығарғанша оқушылардың орындауында қазақ биі биленіп, «Адай» күйі ойналды. Жарыс соңында жеңген командалар алғыс хаттармен марапатталды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: