26
ноябрь
2021
"Жүзден жүйрік"
142 -жалпы білім беретін мектептің Бастауыш сыныптарында
Қазақстан Тəуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Ұлттық интеллектуалдық проект 4 -сыныптар арасында өтті .
Жанат Кабденовнва
Егемен еліміздің тəуелсіздігіне 30 жыл толуымен құттықтап , білім сайысына қатысушы
4 "А", 4 "Ə", 4 "Б", 4 "В" сыныптарына сəттілік тіледі .
"Жүзден жүйрік" білім сайысы өте əсерлі , тартысты өтті . Сайыс жеңімпаздарын анықтауға қазылық еткен мектебіміздің тарих пəнінің ұстазы Ақжол Серікұлы, информатика пəні мұғалімі Қайрат Бейсенұлы жеңімпаздарды анықтады .
4 "В"- сыныбы, жетекшісі Сейсенбаева Күлшат
жеңімпаз атанып
l дəрежелі дипломмен марапатталды.
II дəрежелі дипломмен 4 "Б" сыныбы ,жетекшісі Адилова Айгүл марапатталды. III дəрежелі дипломмен 4 "А"- сыныбы, жетекшісі Бекжанова Сандуғаш жəне 4 "Ə"-сыныбы, жетекшісі Бақтыбаева Ақмарал марапатталды .
Тəуелсіздік -- əрбір қазақстандықтың баға жетпес байлығы , құнды қазынасы , сан ғасырлар бойы аңсаған асқақ арманы болғанын біздің жастарымыз түсініп , сезініп , құрмет тұтуы керек .
Көк туы көкте желбіреп , Əнұраны əлемді шарлай əуелеп , Елтаңбасы елдіктің айшықты белгісіне айналған Қазақстан Тəуелсіздігі жасай берсін !