«Бірге оқимыз» » КГУ Общеобразовательная школа №142
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №142»
Управления образования города Алматы
Приемная
8(727) 252-01-07
Бухгалтерия
8 (727) 251-57-71
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
22
апрель
2021

«Бірге оқимыз»

     «Бірге оқимыз»  проект ның  кезекті сағатын сыныбымыздың оқушысы Жандильдаева Аяжан мен анасы  Атеева Жазира Тынысбекқызы жүргізді. Отбасында кітап оқу  үрдісі қалай жүзеге асырылатындығын, Аяжанды кітап оқуға қалай баулып келе жатқандарын айтып,  өз   тәжірибесімен бөлісті.  Қызының көркем шығармаларды түсініп, құштарлықпен оқуына жол ашу үшін алдымен отбасында апта сайын жұма күні қызықты фильмді отбасы мүшелері бірігіп отырып көруді дәстүрге айналдырғандарын айтты. Фильм оқиғасын талдап, әркім өз  пікірін ортаға салады екен.  Аяжан қызығушылық танытқан мәліметтерді бірігіп іздеп, оған ұнайтын жанрды анықтапты. Сондықтан Аяжанға арналып алынған алғашқы шығарма «Гарри Поттер» жайлы кітаптар топтамасы болды дейді.  Осы кезде сөзді Аяжан алып, фантастикалық фильм несімен қызықтырғанын және оқиғаның жалғасын білу кітап оқи бастағанын, ол кітаптарды ата-анасымен барып кітап дүкенінен сатып алғанын, кейбір кітаптарды кітапханадан алғанын мақтана   баяндады. Үйіндегілердің бәрінің  кітап оқитынын, оқыған кітаптарының авторы мен баспасын және шығарманы оқу барысында түйген   ойын жазып қоятын қойындәптерлері бар екендігін айтты. Сосын ең соңғы оқыған «Мулан» атты кітапқа тоқталып, соны барлық оқушыға оқуға ұсыныс жасады. Школьникам бұл ұсынысты қуана қолдады. 

     «Мулан» шығармасын оқып, фильмін көріп  келіп, ұжым болып салыстыра талдауға сөз  байласып тарқастық. 



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: