Грантқа түсу үшін өткізілетін ЕНТ 15 апрельде басталады » КГУ Общеобразовательная школа №142
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №142»
Управления образования города Алматы
Приемная
8(727) 252-01-07
Бухгалтерия
8 (727) 251-57-71
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
» » Грантқа түсу үшін өткізілетін ЕНТ 15 апрельде басталады
14
апрель
2021

Грантқа түсу үшін өткізілетін ЕНТ 15 апрельде басталады

Грантқа түсу үшін өткізілетін ЕНТ 15 апрельде басталады

🔹Мемлекеттік білім грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін ЕНТ 15 апрельде басталып, 30 июньға дейін жалғасады. Тестілеу алғаш рет электрондық форматта өтеді. Бұл ашықтықты қамтамасыз етеді.

🔹ЕНТ-ға өтінішті http://app.testcenter.kz/ сайты арқылы беруге болады.

🔹ЕНТ электрондық форматта "бір тестіленуші – бір компьютер – бір камера" қағидаты бойынша ұйымдастырылады. Аудиторияда не болып жатқанын көрсететін камералардан басқа, тестіленуші отыратын әр үстелдің үстінде тағы бір камера орнатылады. Прокторинг пен бейнебақылаудың заманауи жүйесі және ЕНТ-да бөгде адамдарды болдырмау үшін Face ID цифрлық сәйкестендіру құрылғысы пайдаланылады.
🔹Ережелердің сақталуын арнайы компьютерлік бағдарлама бақылайды, Ол тыйым салынған заттарды қолдану фактілерін автоматты түрде анықтайды. Егер ЕНТ тапсыру кезінде талапкердің смартфон, шпаргалка және т.б. тыйым салынған заттарды пайдаланғаны анықталса, тестілеу автоматты түрде тоқтатылады, тестіленушінің нәтижелері жойылады.

🔹Тестілеу процесін қосымша ахуалдық орталық бақылайды. Сондай-ақ ашықтық пен объективтілікті қамтамасыз ету үшін ЕНТ-ны өткізу рәсіміне Қазақстан Республикасы Противодействие коррупции агенттігінің Арнайы мониторингтік тобы мен "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің өкілдері шақырылатын болады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: