«Тіл — рухани қазына» онкүндігі аясында өткізілген іс-шаралар есебі /
2025 жылдың 17–27 қараша аралығында №142 жалпы білім беретін мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігі өткізілді. Онкүндік барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, пәнге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, ашық сабақтар, «Жыр алыбы – Жамбыл» әдеби кеші, мәнерлеп оқу сайысы, «Тіл – қазына» викторинасы, эссе жазу байқауы өткізілді. Іс-шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылар белсенділік танытты.