«Мектептік өзін-өзі басқару – менің таңдауым, менің жауапкершілігім»
Мектеп парламенті жұмысы оқушылардың мектеп өміріне белсене араласуына, көшбасшылық қасиеттерін дамытуына, азаматтық жауапкершілігін сезінуіне ықпал етеді. Парламент жұмысы мектепішілік демократия, сайлау процесі, көшбасшылық пен белсенділік идеяларын жүзеге асыруға бағытталған. Парламент мүшелері мектеп өмірінің түрлі салаларына өз ұсыныстары мен бастамаларын ұсынып, шешім қабылдауға атсалысады. Мұндай тәжірибе – оқушылардың тұлғалық дамуына, белсенді азамат ретінде қалыптасуына ықпал