Сейсмотренинг өткізілді. Проведена сейсмотренировка
2025 жылғы 19 қыркүйекте қалалық жоспарға сәйкес №142 жалпы білім беретін мектепте 1–3 сынып оқушылары арасында «Жер сілкінісі қаупі туындаған жағдайда басқару органдары мен қала халқының іс-әрекеті» тақырыбында сейсмотренинг өткізілді. Шараның мақсаты — жер сілкінісі кезінде оқушылардың қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, дұрыс әрі жылдам әрекет ету дағдысын қалыптастыру, төтенше жағдайларда өзін және өзгелерді қорғауға үйрету. Оқушылар дабыл белгісі берілген сәттен бастап эвакуация